10.06.2023, 2:09
Оқылды: 20

Жеңімпаздар марапатталды

Бүгін С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында «Жас дарын – 2023» үздіктерді марапаттау салтанаты өтті. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищанов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангереева және ардагер ұстаздар қатысты.

20230609070241_IMG_0075

Дәстүрге айналған үздіктер шеруінің ерекшелігі - тақырыптық мазмұнының болуы. Биыл Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармаларын кешке арқау етіп, тәлімі мол туындылары мен пәлсапасын көпшілікке ұсынды. Салтанатты іс-шарада «Елбасы» медалі иегерлері және «Мың бала», «Айқанат», пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, облыстық «Абай оқулары» мен «Әбіш оқулары»  байқауының жүлдегерлері,  «Бастау» математикалық турнирінің жеңімпаздары, облыстық экологиялық жобалар және «Зерде» республикалық зерттеу жобаларының жүлдегерлерімен мен жетекшілері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

20230609073341_IMG_0129

Іс-шара барысында жеңімпаздар мен өнер саласының кішкентай майталмандары өнер көрсетті. Сонымен қатар, кеш қонақтарына облыстық экологиялық жобалар мен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары жүлдегерлерінің ғылыми жұмыстары таныстырылды.

20230609073912_IMG_0131

20230609071447_IMG_0106

 

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале