27.07.2022, 17:15
Оқылды: 50

Жеңімпаздарды қабылдап, марапаттады

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев таяуда Петропавл қаласында өткен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиадада Батыс Қазақстан облысының құрама командасында ойын көрсеткен Жәнібек ауданының мемлекеттік қызметшісі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұрболат Садырбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Еділ Елемесовті қабылдап, жеңіспен құттықтап, өз атынан алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

IMG_7230

Одан бөлек, көктемдегі су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты, тұрғындарды және олардың мүліктерін қорғауға бағытталған кезек күттірмейтін және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде жедел және кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін Талов ауылдық округінің әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ернұр Өтегеновтің алғысхатымен марапатталды.

IMG_7234

IMG_7232

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале