10.10.2022, 17:15
Оқылды: 47

Жеңіс ояндықтарда

Жуырда Мереке ауылының 90 жылдығына арналған шаралар аясында спорт ардагері Қантемір Болатовтың жүлдесі үшін волейболдан аудандық турнир өтті. 

Мереке волейбол (5)

Аталмыш турнирге Ақтау, Оян, Амангелді, Тасқала, Шежін ауылдарынан және Мереке ауылынан екі команда қатысты.

Мереке волейбол (3)

Шараның ашылу салтанатына турнир иесі Қантемір Болатов, Ақтөбе қаласынан арнайы келген шәкірті М.Хайруллин, "AMANAT" партиясының Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Л.Жұбанышқалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Таңатжан, аудандық спорт клубтың директоры Әсет Хайыршақов, Шежін ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл мен Мереке ауылдық округінің әкімі Мэлс Нарыков қатысты. Ойын өте тартысты түрде өрбіді.

Мереке волейбол (1)

Екі топқа бөлінген командалар жартылай финалға жолдама алу үшін барларын салды. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде Ақтау, Амангелді, Мереке-2 командалары жарыс жолынан шығып қалып, жартылай финалда Мереке мен Тасқала, Оян мен Шежін командалары ойын алаңында кездесті. Үшінші орынды Шежін мен Мереке командалары өзара сарапқа салып, финалдық ойын Тасқала және Оян командалары арасында өтті.

Мереке волейбол (7)

Жарыс нәтижесінде І орынды (100 000 теңге) Оян командаса иеленсе, ІІ орынды (50 000 теңге) Тасқала командасы еншіледі. ІІІ орын (30 000 теңге) Мереке ауылының командасына бұйырды. Ұйымдастырушылар ІV орын  алған Шежін командасына да 15 мың теңге жүлде тағайындады. Жарысқа келген командалар мен өзіндік ойын өрнегін көрсеткен С.Сабиров (Тасқала), А.Дүйімбаев (Оян), А.Болатов (Шежін) арнайы аталымдармен және 5000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталса, Ақтөбе қаласынан келген Мәлік Хайруллин және басқа да ойыншылар Қантемір Бимұханұлының арнайы кубогін иеленді.

Әсет Баян,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале