6.02.2022, 13:00
Оқылды: 32

Жеңіс тұғырында

Орал қаласында қол күресінен облыс чемпионаты өтті. Өңірдің мықты деген білекті палуандарының басы қосылған бәсеке тартысқа толы болды.

IMG-20220205-WA0018

Жыл сайын қарыштап дами бастаған армрестлингке деген қызығушылықты арттырып, салауатты өмір салтын ұстанушыларға қолдау білдіру және үздік спортшыларды анықтау мақсатында өткен жарыста бәйтеректік спортшылар да өнер көрсетті.

Тартысты күрес нәтижесінде 65 келі салмақ дәрежесінде Виктор Друзик, 70 келіде Қанат Ахметқалиев, 90 келіде Юрий Макаров және нәзік жандылар сайысында бақ сынаған Роза Варданян сынды аудан қол күресшілері үшінші орынға ие болды.

 

Түгелбай Бисен, 

Бәйтерек ауданы

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале