30.09.2022, 16:15
Оқылды: 34

Жеңіс жеңімпаз атанды

Жуырда Тасқала ауданы Мерей ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен балық аулау сайысынан аудан біріншілігі өтті.

балық аулау

Сайысқа жиырмаға жуық үміткер қатысып, балық аулау шеберліктерін ортаға салды. Ашылу салтанатында сөз алған аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Динара Нұрғалиева жарыстың бағдарламасы және шарттарын жан-жақты таныстырып өтті.

Тартысты сайыстың қорытындысында мерейлік Жеңіс Жұмашев жеңімпаз атанса, екінші орынға тағы бір мерейлік қатысушы Амангелді Кужантаев табан тіреді. Ал үшінші орын достықтық Нұрғали Исмагуловтың еншісінде кетті.

Сонымен қатар «кішкентай қатысушы» аталымымен Амир Исмагулов марапатталса, «Ең үлкен балық» аталымына Вилен Ишенғалиев иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар атынан алғысхатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале