19.05.2023, 9:15
Оқылды: 32

«Жер аманаты» комиссиясы халықпен кездесті

Қараоба ауылдық округінде «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері кездесу өткізді.

IMG_20230519_084054

Жиында жергілікті ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтардың жетекшілерімен бірге жер мәселесі талқыланды.
Көшпелі отырыс барысында комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібекұлы жиынға қатысушыларға пайдаланылмай жатқан жерді мемлекетке қайтарудың маңыздылығын, жерді мақсатты пайдалану қажет екендігін атап өтті.
- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Комиссия осы мақсатта жұмыс атқарып келеді. Шыны керек, соңғы жылдары жердің құнарлылығы мәселесі күн тәртібінде тұр. Біз бүгінімізді ойлап қана қоймай, ұрпағымызға да құнарлы жер қажет екендігін назарда ұстауымыз керек, - деді Ғаділбек Әлібекұлы.
Қазіргі таңда аудан бойынша 24 шаруа қожалық жерді мақсатты пайдаланбай отыр. Оларға заң жүзінде тиісті шаралар қабылданбақ.
Кездесуде жер дауымен қатар округте ауылшаруашылық саласын дамыту, киік мәселелері де талқыланып, ұсыныстар айтылды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале