1.02.2021, 15:04
Оқылды: 28

Жер астында өткен 15 күн

Қазақ халқының қасіреті мен жан жарасына айналған Семей полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының ішінде аса маңызды стратегиялық объектісі болған еді. Кеңес үкіметінің әмірі жүріп тұрған заманда Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтіп жатты. Ол үшін арнайы 18 млн.га жер бөлініп, Семей ядролық  полигоны ашылған. Бастапқыда адамдарға, жануарлар  мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Кейін бұл сынақтарды жер астында жасау қолға алынды.

52EB597B-66BF-4FFF-A603-160CF509899E

Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Сол кезде Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Жалпы, кеңестік жүйе тұсында ядролық сынақтан зардап шеккендердің ішінде Қазақстан сөзсіз бірінші орында тұрғаны анық. Өйткені Капустин Яр, Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынды атом қаруы сыналған аймақтар халқымызға қаншама қайғы-қасірет алып келді, оның зардабын бүгінгі ұрпақ әлі  тартуда.  Мұнда тек жер асты емес, ауа мен су да, топырақ пен табиғат та зардап шеккен еді. Семейде сынақтар ашық жасалған тұста тіпті бетон қабырғалардың өздері балқып кеткен екен. Жоғары кернеулі электр бағандарының күшті толқынға төзе алмай, жел ығына қарай жантайғандарын көзбен көргендер сансыз. Жарылыс қуаты 480 килотонна, ал радиоактивті саңырауқұлақ газ 16 километр биіктікке көтерілген. Жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізілген Семей өңірінің халқы мен әскерге алынған солдаттар сол кездегі саясаттың зардабын тартқандар қатарында. Бірақ өз мүдделеріне ғана қызмет етуді талап еткен кеңестік жүйе ядролық сынақ туралы хабарлары жоқ жас сарбаздарды тәжірибеден өткізгені сұмдық еді. Сол аймақта әскери борышын өтеп қайтқан жерлестеріміз аз емес. Соның бірі сол кезде он сегізге жаңа толған жас жігіт, Ұрысай ауылының тұрғыны Жарқын Нұров еді.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №9 санынан оқи аласыздар.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале