Жерлесіміз, Казталов ауданының мақтанышы, аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, талантты бапкер Айдын Елемесов Қазақстан Республикасының жеті дүркін чемпионы атанды.
Айдын Елемесұлын казталовтықтар мықты бапкер ретінде жақсы таниды. Ол балалардың бойындағы қабілетін жетілдіріп, спортқа баулыды. Шәкірттері де талай мәрте топ жарып, жоғары нәтиже көрсетті.
4 мен 10 сәуір күндері Алматы облысы Қонаев қаласында өткен ҚР чемпионатында пауэрлифтингтен 66 келі салмақта жерлесіміз I орынды жеңіп алды. Чемпион қазан айында Монғолияның Улан-Батор қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Әсем Болат,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz