3.07.2024, 17:45
Оқылды: 43

Тасқала аудандық электр торабының қызметкерлері облыстық байқаудан жүлдемен оралды

Тасқала аудандық электр торабының қызметкерлері «Шалқар» оқу-жаттығу полигонында өткен облыстық шеберлік байқауына қатысты. Сегіз команданың арасында бақ сынаған тасқалалықтар барлық сыннан сүрінбей өтіп, нәтижесінде жүлделі орын иеленді.

37E4D90D-808E-42AC-980F-2566F7D1FDEC

Команда құрамында  электриктер Х. Ерниязов, А. Бошенятов, Б. Жанақов пен Х. Айтқұлов болды. Олар «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС бас директоры Қ. Мусиинің атынан дипломға ие болды.

Сондай-ақ «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС электр тарату желілерін жедел жөндеу бригадалары арасындағы кәсіби байқау сайысында «Үздік электромонтер» аталымына жерлесіміз А.Бошенятов ие болып, басқарма басшысы М.Мүлкәйдің алғысхатымен марапатталды.

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале