9-12 мамыр күндері Оралда тоғызқұмалақтан ересектер арасындағы БҚО командалық чемпионаты өтті.
Әлем мен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысқан аталмыш жарысқа аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да бақ сынаған болатын.
Нәтижесінде ерлер арасында блиц (шапшаң ойын) түрінен Жаңақала командасы І орынды бағындырса, қыздар ІІІ орынға ие болды. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Маратұлының шәкірттері Бексұлтан Халиоллин мен Бекнұр Тұрсынбай спорт шеберіне үміткер атағына қол жеткізді.
Айзада Жанұзаққызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz