12.08.2021, 11:13
Оқылды: 46

Жетікөлдіктер екпе алуда белсенділік танытуда

Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі аудан бойынша вакцинацияландырылған белсенді ауыл болып отыр. Ауылдағы 797 тұрғынның 300-і 18 жасқа дейінгі балалар болса, 48-і 65 жастан асқан адамдарды құрайды.

Вакцина

– Қалған 449 тұрғынның 214-і вакцинаның екі компонентін қабылдаса, 45 тұрғын екінші компонентті күтуде. Алдағы уақытта тағы 150 тұрғынға екпе алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – дейді Жетікөл ауылдық дәрігерлік-амбулаториясының медбикесі Айгерім Иманғалиқызы.

Округте 55 тұрғын нақты себеппен, яғни екіқабат, бала емізуі және науқастарына байланысты вакцина алмаған.

Округтегі жалпы білім беретін Сырым орта мектебінің ұжымында 79 қызметкер болатын болса, оның 69%-ы вакцина алған. Мектеп директорының міндетін атқарушы Бекболат Насиевтің айтуынша, вакцина алмаған қызметкерлердің 11%-ы еңбек демалысында екен.

Бүгінгі таңда екпе туралы екіұдай пікір ел ішін кезіп жүр. Тәжвирустан бөлек, алыпқашпа әңгімелердің де «вирусқа» айналғаны жасырын емес. Жетікөл ауылдық округі теріс үгіт-насихатқа ермей, саулықты қамтамасыз етудің бір жолы вакцина деп отыр. Екпе алу округте ымыралы, түсіністік жағдайында жүруде.

 Батырбек Жанболатов,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале