Спорт күніне орай Жетікөл ауылдық округінде "Қайсар" спорт клубының әдіскері Нұрболат Сүйіншалиевтің ұйымдастыруымен ерлер арасында паром су жағасында суға жүзуден жарыс өтті.
Жарысқа қатысушылар белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Он адам бақ сынаған жарыста III орынды Ғани Халит, ІІ орынды Аренжан Темірханов, I орынды Сырымбек Төкеш иеленсе, Мақсат Мақсотов "Жеңіске деген жігерлігі" үшін номинациямен марапатталды.
Осы шараға өз демеушіліктерін көрсетіп, ауыл жастарына қолдау көрсеткен ауылымыздың азаматтары Болатбек Андиров пен Ерік Меңдіғалиға ұйымдастырушылар атынан алғысымызды білдіреміз.
Гаухар Саханова,
"Сырым елі" газетінің штаттан тыс тілшісі
zhaikpress.kz