18.08.2024, 16:00
Оқылды: 10

Жетістігі көп мектеп

«Спорт – бұл қызыққа толы өмір. Табысқа бірден жеткізбейді. Жеңіліс қорқынышты емес, жеңіске сенбеген қорқынышты. Әрбір жаттығу қатты терлегендер үшін лифт, жай терлегендер үшін баспалдақ. Спорт – үлкен тәрбие мектебі. Бүгін тырысасың, қиналасың, ертең бірақ қуанасың, мақтанасың» дейді осы саланың майын ішіп, жілігін шаққан мамандар.

InShot_20240818_134228500

Спорт туралы қандай да бір сипаттама берілсе де, шырқау шегіне жетер сөз айтылса да орынды. Тамыз айының үшінші жексенбісі – спорт күні. Осы орайда біз аудандағы дамуды, спортшылардың қарқынын білмекке ниет еттік.

Есеп бойынша барлығы тамаша. Теректілік сайыпқырандардың жетістіктері, алға қойған мақсаттары көңілге жылылық ұялатпай қоймайды. Әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын спортшылар туған жеріндегі мектепте жаттығатыны белгілі. Бүгінгі спортқа құштар бала ертең-ақ топ жаратыны сөзсіз.

Тек балаларға арналған спорт мектебінің жағдайы талапқа сай болуы тиіс. Спорттың қандай да түріне келген жасөспірім алаңсыз шұғылданса, өзіміз күткен нәтиже жетеміз.

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Армат Ибраев:

-2023-2024 оқу жылында спорттың 12 түрі бойынша 53 топта 656 оқушы жаттығады. Ауданымыздағы Ақжайық, Жайық, Долин, Приречный, Абай, Аңқаты, Ұзынкөл, Теректі, Подстепный, Шағатай, Сарыөмір, Құмақсай ауылдық округтерінде дзюдо, самбо, қазақ күресі, грек-рим, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, қол күресі, бокс, асық ату, спорттық бағдарлау және баскетбол сынды спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Мектебімізде грек-рим күресінен жоғары санатты Иран Оразбеков тер төгеді. Сондай-ақ 6 бірдей 1-ші санаттағы оқытушы-жаттықтырушы бар. Атап айтар болсақ, Сұңғат Бекқалиев, Рахымжан Қазиев, Бейбіт Нығметов, Нұржан Оразғалиев, Айдын Сүлейменов, Қанат Дінғуатов. Екі жылдың нәтижесінде 12 оқушымыз Орал қаласындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп интернат колледжіне оқуға түсті. Мектебімізде 56 оқушыға І, ІІ жасөспірімдік дәрежеде спорттық разряд берілді. 16 оқушымыз спорт шеберіне үміткер атақтарын қорғап отыр,- деді өз сөзінде.

Аталмыш спорт мектебінде 36 ішкі жарыс өткен. Оған бақандай 1956 спортшы қатысқан. Жетістіктеріне келсек, таңдай қағасыз. Армат Мақсотұлы бұл жөнінде мақтанышпен жеткізді. Оның айтуынша, футбол, дзюдо, грек-римдегі жүлделер мектеп жұмысының алға басқанын көрсетеді.

- Қазіргі таңда спорттық бағдарлау қарқынды түрде дамып келеді. Спортшыларымыздың биылғы жылы жетістігі аз емес. Шынар Амангелдиева, Бекзат Жанғожиев, Аманғали Айару, Алина Ғұбашева, Донеділ Төлеш есімді оқушылар республикалық чемпионаттан жүлдемен оралды,- деді Армат Ибраев.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале