23.08.2026, 10:15
Оқылды: 12

Жетпістің төріндегі жарасымды таңдау

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға әр буын өкілі өз үлесін қосып, азаматтық белсенділігін танытуда. Солардың қатарында 70 жастың белесіне бірге жеткен жанұя – ардагер Қыдыралиев Мақсот пен ақ жаулықты әже Ереева Күләш те бар.

96673aa4-b39a-4e26-ae2f-2001a95cefe2

Бір шаңырақтың берекесін жарастырып, талай жылды бірге еңсерген ерлі-зайыптылар сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Өмірлік тәжірибесі мол Мақсот ақсақал мен Күләш әже елдің ертеңіне бейжай қарамай, маңызды науқаннан қалыс қалмады. Қос жүрек, бір шаңырақ иелері өз дауыстарын беріп, ел болашағына деген азаматтық ұстанымдарын білдірді. Олардың сайлауға бірге келуі – отбасындағы ауызбіршілік пен елдік іске деген жауапкершіліктің жарасымды көрінісі.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале