8.05.2024, 13:00
Оқылды: 35

Жігіттің сұлтаны – Асуан Құсайынов

«Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» деген нақыл сөз осыған дәлел болса керек. Ал «жігіттің сұлтаны» деген атаққа білекті де жүректі, ер тұлғалы, өр намысты, сөзі мірдің оғындай, батырлығы көз сүйсіндірер оғландарымыз ғана тең. Бұл көркем сипаттау кешегі ел іргесін ат үстінде, найза ұшында жүріп қорғаған батыр бабаларымызға тән қасиет.

IMG-20240507-WA0054

Сол бабаларымыздың қанынан тараған осындай қасиеттерді тану мақсатында Жәнібек ауданына қарасты Тау ауылында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған аудандық «Айбынды жігіт – 2024» байқауы өтті.

Додаға Жәнібек ауданының барлық ауылдық округінен 18-30 жас аралығындағы азаматтар қатысты. Қатысушылар алдымен аударыспақ пен садақ ату бойынша сынға түссе, кейін «Мен, мен, мен едім.....» атты таныстыру кезеңі, Ғұмар Қараштың бір өлеңін мәнерлеп оқу, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» /сұрақ-жауап пен таң қалдыру кезеңі, яғни өнерлерін көрсетіп, өздерінің бақтарын сынады.

InShot_20240508_124602994

Тартысты додада «тұлпардан тұлпар озар жарысқанда...» демекші бас жүлдені ұзынкөлдік Асуан Құсайынов жеңіп алса, 1-орын Тау ауылының намысын қорғаған Мирас Иманғалиевке бұйырды. 2 және 3-орындарды ақобалық Бекарыс Бейбітұлы мен жәнібектік Рүстем Қойбағаров өзара бөлісті. Қалған қатысушылар, атап айтсақ, Саят Рахметуллин (Жақсыбай ауылы) мен Руслан Хайрушевке (Қамысты ауылы) «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігі атынан арнайы марапат табысталды.

IMG-20240507-WA0053

Талов пен Күйгенкөл ауылдарының намысын қорғаған Уәлихан Досалиев пен Бақытжан Қажығалиевке белсенді қатысқандары үшін алғысхаттар берілді. Барлық қатысушыға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Гүлзара Мәди, 

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале