1.02.2021, 17:07
Оқылды: 62

Жоғалған адам Атыраудан табылды

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұратын 34 жастағы, көз жанарынан екінші топтағы мүгедек Леонид Богомолов үйінен 14 қаңтар күні шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған ер адамды полиция қызметкерлері іздестірген болатын.

3C6AA760-F092-43F5-8095-6F5630AF67DD

Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімі 14 күннен кейін Л.Богомоловтың 27 қаңтар күні Атыраудан табылғанын жеткізді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен жылы облыста жоғалған азаматтарды іздестіру жөнінде 145 арыз түсіп, 96 адамның қайда жүргені қысқа мерзімде анықталған. Биыл іздестіру барысында Оралда бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 38 жастағы ер адамның қайда жүргені белгілі болды.

Ол 5 қаңтарда үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Полиция қызметкерлерінің іздестіруі арқасында қазір ол үйінде.

Жуырда ғана жақын-жуықтарының жоғалғаны жөнінде полицияға он арыз түссе, соның ішінде жеті адамның қайда екені ізі суымай анықталды. Қалған үш адам іздестіру істері жүргізілгеннен кейін бірнеше күн өткен соң табылды.

Елжан Ералы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале