23.05.2023, 13:00
Оқылды: 52

Жол құрылысы мен жұмыс орындары туралы мәселе қаралды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен жиын өтіп, онда аудандық маңызы бар және ауылішілік автомобиль жолдарының құрылысы мен облыстың 2023 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жұмыс орындарын құру жөнінде екі мәселе қаралды. Жиынға мердігерлер мен бөлім басшылары қатысты.

FB_IMG_1684821995008
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов хабарлама жасап, «Жәнібек – Талов – Кіші өзен» автомобиль жолын орташа жөндеу, Қамысты және Ақоба ауылдарына кірме жолдарды күрделі жөндеу, Жәнібек ауылындағы бірқатар көшенің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында орналасқан су өткізу құбырларын ағымдағы және күрделі жөндеу, Жәнібек ауылының солтүстік бөлігіндегі 9 жаңа көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу, Ақоба, Жақсыбай ауылдарындағы жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру, Еңбекші ауылының ауыз су құбырының құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жұмыс орындарын құру үшін 13 жоба бекітілгенін, аталған жоба бойынша 55 жұмыс орнын ашу көзделгенін атап өтіп, республикалық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының құрылысы мен әлеуметтік нысандардың құрылысына жолданған адамдар хақында ақпарат берді.

Жиын барысында мердігер мекеме өкілдерінің пікірлері тыңдалып, техникалық қадағалаушы ұйымдарға сын-ескертпелер айтылып, жол құрылысы кезінде техникалық қадағалаушылардың объектінің басында болу керектігі назарға берілді.

Жиынды Тимур Серікұлы қорытындылады.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале