11.03.2020, 15:31
Оқылды: 54

Жол жөндеу жұмыстарына екі жүздей жұмысшы тартылмақ

Наурыздың 10-ында Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов «Ақжол құрылыс» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Jol

Бұл серіктестік «Өнеге-Бисен-Сайқын» 103 шақырымдық республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 50-103 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты. Жұмыс барысы қалыпты. Бүгінде теміржол арқылы 7000 тоннаға жуық қиыршық тас (щебень) жеткізілген. Сегіз шақырым айналма жол дайындалып, арнайы техникалар мен жұмысшыларға арналған 18 вагон әкелінген.

Бас инженер Үсен Байдүйсенов: – Негізгі жұмыс мамыр айынан бастап қарқын алады деп жоспарлануда. Шыны керек, жұмыс графигінен кешігіп жатырмыз. Алдағы уақытта екі ауысыммен жұмыс жасау мәселесі қарастырылуда. Прожекторлар орнатып, түнде де жұмысты жалғастыруға бармыз. Әзірше жергілікті тұрғындардан алты жұмысшы заңды түрде қызметке алынды. Өзімізден жиырмадан астам қызметкерлеріміз бар. Оның бері жағында вагондарды түсіруге 20 шақты азаматты жалдамалы түрде жұмысқа тартып отырмыз. Сайқынның сырт жағынан 4 га жер алып, жұмысшылар қалашығын салу күн тәртібінде. Зауыт та, жұмысшылардың тұрағы да осында болады. 200-дей механизатор жұмысқа келеді деп жоспарланып отыр, – деді өз сөзінде.

Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале