15 наурыз - Қайырымдылық күні. Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімге арнаймыз.
"МИРЖАН" жеке кәсіпкерлігі Хан Ордасы
257 маршруты бойынша "Форд транзит" және "Газель" автокөлігінің жүргізушілері ағайынды Алмас пен Миржан Мулякаевтар бүгін Хан Ордасы - Орал маршруты жолаушыларына жеңілдік жасады.
Атап айтқанда, көпбалалы аналарды облыс орталығына тегін жеткізсе, зейнеткерлердің жолақысына 50%-дық жеңілдік жасады.
Орда ауылдық округі әкімі Әлібек Айтқалиев пен Хан Ордасы мәдениет үйінің басшысы Марат Ағишанов көлік иелері Алмас пен Миржан Мулякаевтарға ауыл тұрғындары атынан алғысын білдіріп, ақ жол тіледі.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz