15.03.2024, 17:50
Оқылды: 51

Жолаушыларға жеңілдік жасады

15 наурыз - Қайырымдылық күні. Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімге арнаймыз.

"МИРЖАН" жеке кәсіпкерлігі Хан Ордасы
257 маршруты бойынша "Форд транзит"​ және​ "Газель" автокөлігінің жүргізушілері ағайынды​ Алмас пен​ Миржан Мулякаевтар​ бүгін Хан Ордасы - Орал маршруты жолаушыларына жеңілдік жасады.​

IMG-20240315-WA0112

Атап айтқанда, көпбалалы аналарды​ облыс орталығына тегін жеткізсе,​ зейнеткерлердің жолақысына 50%-дық жеңілдік​ жасады.

InShot_20240315_174701709

Орда ауылдық округі әкімі Әлібек Айтқалиев пен Хан Ордасы мәдениет үйінің басшысы Марат Ағишанов​ көлік иелері Алмас пен Миржан Мулякаевтарға ауыл тұрғындары атынан алғысын білдіріп, ақ жол тіледі.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале