29 қаңтар «Самара-Шымкент» тас жолының 462-шақырымында Мәскеу қаласына сапарға шыққан автобустың жолда тұрып қалғаны жөнінде хабар түсті.
Жолда қалған автобустың ішінде 19 тәжік азаматы болған.
Шұғыл хабар келісімен Сырым аудандық №39 жол пайдалану бөлімінің басшысы Берік Бисалиев аудандағы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірге жолға шықты.
Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылы тұсында автобустары сынып қалған 19 жолаушы жылыту орнына жеткізілді. Жолаушылар 31 қаңтарда Мәскеу бағытындағы сапарларын жалғастыруға мүмкіндік алды.
М.Айташев,
Сырым ауданы