2.09.2024, 18:00
Оқылды: 135

«Жолдау стратегиялық мақсаттарға арналды» – Амангелді Уәлиев

871F4E0E-2003-42A4-9E31-59D154DFB596

Амангелді Уәлиев

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Жәнібек аудандық филиалының төрағасы

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Президент атап өткен барлық тоғыз басымдық мемлекеттік саясатты осы міндеттерді орындауға жұмылдырады. Жолдауда түрлі бастамалар, ұсыныстар мен тапсырмалар бар.

Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып, қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шараларды оңтайландыру, ауыл шаруашылығы үшін қолжетімді несие беру, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты басымдықтарды атап өтуге болады.

Президент қоғамда бір жыл бойы талқыланып жатқан атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум өткізу күнін белгіледі.

Бұл референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының және Әділетті Қазақстан идеясының жүзеге асырылып жатқанының тағы бір айқын дәлелі.

Жалпы Жолдау көптеген күнделікті міндеттерді шешу және елді дамытудағы стратегиялық мақсаттарға жету жолдарына арналды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале