2.09.2024, 16:00
Оқылды: 30

«Жолдауды ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады» – Ержан Құлниязов

08C6B941-C289-427F-BA9D-DCE430F69326

Ержан Құлниязов

Новопавлов ЖОББМ-ның директоры

– Күздің алғашқы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жариялаған кезекті Жолдауы жаңа серпін, жаңа бағыт берді.

Дәстүрлі Жолдауды ұстаздар қауымы да зор ықыласпен қабылдады. Бұл жолғы Жолдаудың мән-мағынасы терең. Тарихи құжатта атқарылатын іс-шаралар мен ел өркендеуінің өзекті мәселелерінің шешу жолдары санамалап көрсетіліп, болашаққа бағдар жасалды.

Президент өз Жолдауында бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Осындай көпшілік көкейінде жүрген маңызды тақырыптардың барлығы қамтылып, оның жүзеге асырылуына барша қазақстандықтар мен Құмақсай ауылының жұртшылығы қолдау білдіріп жатыр.

Бір сөзбен айтқанда, ел Президентінің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы – ел тағдыры үшін маңызды.

Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.

Президент мұғалімдердің мәртебесін көтеруді тапсырды.

«Мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алған жөн. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал. Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауы барысында.

Одан бөлек, баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Себебі мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек.

«Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық болуын қамтамасыз етеміз. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз», - деп нақтылады Мемлекет басшысы.

Бұл әрине, көңілге қуаныш сыйлап, ұстаздар қауымын шабыттандыра түсері сөзсіз. Жолдауда айтылған әр сөз біз үшін, халық үшін өте маңызды. Ел мүддесін көтерген Жолдаудың халықтан қолдау табары сөзсіз.  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале