30.03.2020, 12:33
Оқылды: 267

«Жолдың бойында тұрғасын індеттің жұғу қаупі жоғары», - дейді Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев

 Сырым ауданында жол бойындағы нысандар жұмысын түбегейлі тоқтатты.

dav

- Біздің аудан халықаралық күре жолдың бойында орналасқан. Сондықтан, індеттің жұғу қаупі жоғары екенін жасырмаймын. Ауыр жүк көліктері аудан аумағындағы нысандарға аялдайды. Жанар-жағармайын толтырады, көлік иелері тамақтанады, тынығады.

БҚО мен Ақтөбе облыстарының шекарасы жабылды. Бекеттен тек транзиттік көліктер жіберіледі. Оларға аудан аумағына тұрақтамау, мүмкіндігінше тоқтамау туралы ескерту берілді. Облыстың бас санитар дәрігері кафелер таңғы 10:00-ден кешкі 18: 00-ге дейін, дүкендер 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс жасауға тиіс деген талап қойды. Ал біздің ауданның кәсіпкерлері сақтық тұрғысындағы шарамызға қолдау білдіріп, қауіптің жоғары екенін түсініп, нысандарының жұмысын біржола тоқтатты. Қазір Жымпитыдағы «Жібек жолы» автокешені, «Жарқын», «Жолаушы», «М32» және «Қынық» сияқты қоғамдық тамақтану орындары жұмыс жасап тұрған жоқ. нысандардағы жұмысшылар қолдаусыз қалмайды. Егер заңды түрде жұмысқа алынған болса, оларға мемлекеттік сақтандыру қорынан қаражат төленеді. – дейді Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев «Сырым елі» газетіне берген сұхбатында.

Төтенше жағдайға байланысты ауылға 120-ға жуық студент келген. Талап бойынша, олар 14 күн бойы оқшаулануы керек. Ауданда сол талап сақталып жатыр.

Бүгінгі таңдағы тағы бір мәселені бетперделердің тапшылығы туындатып отыр. Сырым ауданында бұл шаруа да оңынан шешілуде. Кешегінің өзінде, сырымдық еріктілер түске дейін 600 беттұмша дайындады.

Кешеден бастап Сырым аудандық ветеринарлық станциясының теңгеріміндегі ДУК көлігі Жымпитының көшелерін дизинфекциялау жұмыстарына кірісті.

 Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале