20.11.2020, 11:33
Оқылды: 84

Жолың болсын, жас сарбаз!

Бәйтерек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде ауыл жастары Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы отырған жас сарбаздармен кездесті.  

B480973E-2B06-42E3-B5BB-2B98BA00A647

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған шараға әскерге аттанғалы отырған Д.Туксумбаев, П.Четверня,  И.А.Шавва сияқты жастар қатысты.

- Жас, тәуелсіз еліміз сан қилы жағдайлардан, әлемді теңселткен дағдарыстардан абыроймен өтті. Халықтың жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Әскери салаға да айрықша маңыз беріліп отыр. Қазір Қазақстанның әскері аймақтағы белді күштің бірі саналады. Ол заманның озық технологиясымен жарақталған, жоғары талапқа жауап беретін әскери техникалармен, қару-жарақ, атыс құралдары, тағы басқа керек-жарақтармен толық жабдықталуда. Әскеріміз бүгінде мемлекет тыныштығының кепілі. Ал бүгінгі әскерге аттанғалы отырған жастар сол кепілдігіміздің қорғаушысы болмақ. Болашақ жауынгерлер алдыңғы буын ағаларының ерлік дәстүрін жалғастырып, абыройларына дақ түсірмей, міндеттерін адал атқарып, елге оралады деп нық сеніммен айта аламын,- деді кездесу барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының м.а. майор Ю.Кауисов.

Сонымен қатар шара барысында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары да болашақ сарбаздарға жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Шараға қатысқан сарбаздардың ата-аналары да балаларына сәттілік тілеп, міндеттерін абыройлы атқарып, аман-есен оралуын тіледі.

Жанар Губашева,

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық әдіскері

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале