8.02.2022, 17:49
Оқылды: 63

Жомарт жандарға құрмет

Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің 2022 жылдың I жартыжылдығына жазылу науқаны кезінде аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, мекеме басшылары бастаған ұжым аудан айнасына жазылып, қолдау көрсетті.

928279d5-52ed-4b9b-b97e-80bb5f173706

Сонымен қатар жомарт жандар өздері жазылып қана қоймай, көп балалы, аз қамтылған отбасыны да рухани азықтандыру мақсатында төл газетімізге жаздырып, игілікті іс жасады. Біз де жыл сайын төл газетімізге жазылып, төрден орын берген тұрақты оқырмандарымызды тыс қалдырмай, алғыс хат табыстап, құрмет көрсетуді жөн санадық.

af1d3909-56eb-4451-8e81-7d3cc3ccd144

Атап айтсақ, аудандық орталықтандырылған кітапхана, аудандық мәдени-демалыс орталығы, Жаңақала колледжі, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық ветеринарлық станция, Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты, №3 жалпы орта білім беретін мектебі, Жаңақала мектеп-гимназиясының ұжымдарына аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Жанайдар Болатбекұлы арнайы барып, ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті. Алғыс хатта «Ахмет Байтұрсынұлының қазақ баспасөзінің ұранына айналған «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бар. Жаңалықтың жаршысы болған Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің таралымының артуына сүбелі үлес қосып, түгелдей ұжым аудан айнасы саналатын төл газетімізге жазылып қолдау білдіргендеріңіз үшін алғаусыз алғысымызды білдіреміз.

3233e97d-1173-4251-87e1-6b3fa84768a5

Газеттің тірегі – оқырман. Төл газетімізді асыға күтетін сіздердей тұрақты оқырманымыздың барына қуанамыз. Осы орайда, зор денсаулық, бақ-береке, қызметтеріңізге жарқын табыс пен адал еңбектеріңіздің жемісін көруді тілейміз» делінген.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале