26.11.2019, 17:03
Оқылды: 25

Жомарттық жігітке жарасады

Жаңақала ауданы орталығының тұрғындары жомарт жүректі шаруа қожалық иесінің ізгі ісіне куә болды. Аты-жөнін айтуды қаламаған, жасаған жақсылығын бұлдамаған атымтай жомарт аға 10 аз қамтылған, көмекке мұқтаж отбасыға 50 бума мал азығын өзінің иелігіндегі техникамен тегін таратты. Қайырымды жанның ісіне шын көңілден разы болған аудан тұрғындары әлеуметтік желіде алғыс айтуда.

janaqala jomart (1)

Ал бұл іске ұйытқы болып, бастама көтерген аудандық мешіттің бас имамы Ерік Сұлтанов еді.

- Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес нәрсенің қадірін біл. Олар: өлімнен алдын өмірдің, ауру келмей денсаулықтың, әурешіліктен бұрын бос уақыттың, зағиптықтан бұрын жастықтың, кембағалшылықтан бұрын байлықтың қадірін біл» деген. Аста-төк болмаса да азын-аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін жаз дидарлы жандарды көргенде, жүрегің жібіп сала береді. Сауапты істің сан соқтырмайтынын білетін елдің азаматтары қолындағы барын өзіме деп өңешіне тықпай, өзгелермен де бөлісіп келеді. «Кең болсаң – кем болмайсың». Демек пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» деген сөзін ұмытпауымыз керек, - деген бас имам жомарттық жасаған тұрғынға алғыс білдірді.

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале