28.08.2023, 15:30
Оқылды: 10

Жосалы суы бақылауда тұр

Сырым ауданының Жосалы ауылдық округі бойынша Қоңыр, Тамды ауылдарына «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы жүргізілген ауыз суды Қоңыр ауылында төрт әлеуметтік нысан, 131 абонент және Тамды ауылында үш әлеуметтік нысан, 29 абонент су тұтынады.

Жосалы суы

Жосалы ауылдық округінің әкімі Батырғали Иманқұловтың мәлімдеуінше, 10 тамыз күні насостың ауылға қажетті көлемде су жеткізе алмауы анықталып, 11 тамыздан бастап су түс мезгілінде сағат 12-ден бастап уақытпен беріліп келеді. Тамды ауылын жауып, орталыққа су жіберілгенімен, жоғары жақта орналасқан 20-25 шақты үйлерге кей күндері су жетпей, Тамды ауылына және су жетпеген үйлерге көлік арқылы тасымалданып келді.

Жосалыдағы жағдайды бақылауда ұстап, мәселені шешуге жұмыстанған «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Тұрарбек Нұрғалиев:

— Жосалы ауылынан жеті шақырым жердегі бірінші су көтеру станциясына скважинаға екі сусорғымен су жиналып жатыр. Күні кеше екінші су көтеру станциясына мемлекеттік сатып алу порталымен қосымша сапалы сусорғы алынып, орнатылды. Кешеден бері резервуарға су жинақталып жатыр. Ауылға күніне 48 текше метр су қажет болса, су қоры бүгінге дейін 20 текше метр су беріліп келді. Орнатылған жаңа сусорғының арқасында қажетті су мөлшері жиналады деп күтілуде. Резервуарға суды бір толтырып алғаннан кейін пайдаланылған суды жинау оңайға түседі. Түстен кейін ауылға су жіберу жоспарланып отыр, - дейді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале