23.08.2026, 15:25
Оқылды: 11

Жосалыға Жаскелең келді

Сырым ауданының танымал тұлғалары “Менің дауысым - менің ауылым!” - акциясын белсенді қолдап жатыр. 
4d445107-ae38-404a-bdd7-ddfa38feb63c
Міне, қаладан қолына тіркеу туралы талонын алып, Жосалыға белгілі әнші - композитор Жаскелең Ғайсалиев келді.
Жаскелеңнің әнді Өлеңтінің сылдыраған бұлағынан, бұлдыраған қыр - сағымынан үйренді. Содан да шығар, оның туындыларында толқын тебініп тұрады.
Жаскелеңнің ауылға дауыс беретінін естіген ауылдастары бүгін оны Қоңыр ауылындағы #308 сайлау учаскесінің алдынан күтіп алды. Ән - аға халықпен амандасып, учаскеге кіріп, болашақ үшін бюллетень белгіледі.
Жаскелең Ғайсағалиев 2025 жылы Сырымдық әнші - композитор Жаскелең Ғайсағалиев ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” атанды.
Атақ жерлесімізге өнер саласындағы табысы және ұлт мәдениетін дамытудағы еңбегі үшін берілді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале