11.11.2025, 16:00
Оқылды: 59

Жосалының жас балуандарына қолдау

Жосалы ауылында спорт сүйер қауым үшін қуанышты оқиға орын алды. Ауылдағы жасөспірімдерге арналған күрес үйірмесіне қажетті спорттық құрал-жабдықтар табысталды.

Жосалы

Игі істің бастамашысы – ауыл азаматы, белсенді жас, кәсіпкер Нұрхат Ізбасаров. Оның бұл қайырымды бастамасын жергілікті шаруа қожалықтарының жетекшілері бір ауыздан қолдап, ауыл балаларының спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік жасады.

Жаттығу залына күрес манекені, 8 келілік кір тастары және арнайы жаттығу резеңкелері табысталып, жас балуандардың жаттығуларына пайдалануға берілді. Құрал-жабдықтарды ауылдың жаттықтырушысы Темірлан Найман қабылдап алды.

– Бүгінгі қолдау – ауыл спортының дамуына үлкен серпін береді. Осындай қамқор азаматтарымыздың арқасында балаларымыз спортқа қызығып, салауатты өмір салтын қалыптастырады. Бұл – болашақ чемпиондардың алғашқы қадамы, – деді жаттықтырушы Темірлан Таужанұлы алғысын білдіріп. Бұл игі іс ауылдағы бірліктің, жанашырлық пен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Жас балуандарға қолдау олардың рухын көтеріп, жеңіске деген жігерін арттырмақ.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале