2.03.2023, 15:30
Оқылды: 19

«Жұбан елі – жыр әлемі»: Ақжайықтың көркемөнерпаздар ұжымы Бәйтеректе

Қазір өңірімізде «Туған жер – тұғырым» атты облыстық халық шығармашылығы фестивалі өтуде. Соның аясында Ақжайық ауданының көркемөнерпаздар ұжымы Бәйтерекке келіп, «Жұбан елі – жыр әлемі» атты концерт ұсынды.

8BB61539-6B10-4CC8-AE79-A70F567EB3F0

Қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттауды мақсат тұтқан іс-шара «Ұлым саған айтамын...» театрланған қойылымымен ашылды. Одан соң «Назқоңыр» фольклорлық ансамблі К.Дженкинстің «Палладиосы» мен А. Тәңірбергеновтың «Аңшысын» орындады.

D5B0752C-917A-4FC0-83B2-6038992E110D

Республикалық әнші-термешілер байқауларының лауреаттары Күләш Қуанышқалиева, Гүлжамал Қайбалиева, Данияр Елеуов және Дәуреш Ораштың қатысуымен өткен дәстүрлі әншілер шеруі көрерменді тәнті етті. Отан, туған жер жайында әндер шырқалып, «Сымбат» биансамблінің бишілері мың бұрала билеп, кештің көркін қыздырды.

5137BD55-47DC-4929-A84D-7653D65DEF9B

Сондай-ақ концертке ақжайықтық өнерпаздармен бірге келген, құрылғанына он жыл толған «Радуга» славян ұлттық мәдени орталығының «Раздоли» хоры мен Нұрбек Қарақұлов орыс халық  әндерін шырқап, көрерменнің ықыласына бөленді.

Кеш соңында ақжайықтық өнерпаздарға аудан әкімінің алғысхаты мен ықылас гүлі табыстады.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале