Жуырда Алматы қаласында өткен Республикалық «JAIDARMAN JUNIOR» ойынының ширек финалына Тасқала ауданындағы мектептен тыс жұмыс орталығының жанындағы «Драма» үйірмесінің шәкірттерінен құралған «Жұдырық» жайдарман тобы қатысып қайтты.
Олар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Жеңімпаздарды аудан жастары Орал қаласынан күтіп алды.
- Жалпы Жайдарман ойынына 40-қа жуық команда қатысып, өзара бақ сынасты. Соның ішінде 20 команда келесі кезеңге жолдама алды. Оның қатарында «Жұдырық» командасы да бар. Олар өзінің тобында жоғары ұпаймен жартылай финалға өтіп, енді, күзде өтетін жартылай финалда бақ сынайды. Осы орайда командамызға қолдау білдіріп, жақсы барып қайтуына жағдай жасаған жерлесіміз Бауыржан Молдашев пен аудан әкімінің орынбасары Саягүл Ғалиеваға алғысымды білдіремін, - дейді үйірме жетекшісі Қамбар Рахметов.
Болатбек Сапарғалиев,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz