Жуырда Астана қаласында республикалық жайдарман «Маусымашар-2025» фестивалі өткен болатын.
Айтулы фестивальде еліміздің әр қиырынан 250-ден аса команда қатысып, өзара бақ сынады. Дүбірлі додада Тасқала аудандық метептен тыс жұмыс орталығының «Жұдырық» жайдарман тобы өнер көрсетті.
Көрермендердің ыстық-ықыласына бөленіп ересек командалар арасында өтетін республикалық «QAZAQSTAN CUP» лигасына жолдама алды. Осы уақытқа дейін де талай додаларда аудан намысын асқақтатып жүрген жас өнерпаздардың толағай табысқа жетуіне себеп болған команда жетекшісі Қамбар Сансызбайұлының еңбегі орасан зор атап кеткен жөн шығар. Осы фестивальде сахна төрінде команданың жетекшісі Қамбар Сансызбайұлы Рахметовке көптен бері жасап жүрген игі ісіне құрмет көрсетіліп, «Жайдарманның 25 жылдығына орай» арнайы мерекелік төсбелгі табысталды.
Қамбар Сансызбайұлын марапатымен құттықтаймыз, «Жұдырық» командасына алдағы уақытта өтетін үлкен додаға сәттілік тілейміз.
Б.Бек,
Тасқала ауданы