28.12.2024, 12:00
Оқылды: 15

Жүйелі жоспар жетістікке жетеледі

Биылғы жылды Бәйтерек аудандық мансап орталығы да жақсы қорытындылап отыр. Барлық көрсеткіштер бойынша жоспар орындалып, бұйырғандар «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында мемлекеттік грант алып, жобаларын жүзеге асыруда. Осындай мемлекеттің қолдауының арқасында кәсіптерін дөңгелеткен жерлесіміз ауданның үздік жас кәсіпкері атанды.

IMG-20241220-WA0009

Аталмыш орталық басшысы басшысы  Нұрсәуле Есенғалиеваның сөзіне қарағанда, жыл басынан 4296 адам  жұмыспен қамту бойынша жолықса, соның белсенді шараларына 1676 адам қамтылды. Мәселен, жұмыспен қамтудың белсенді шараларының аясында 22 адамның орнына 23 адам жұмысқа тартылды. Сол сееілді әлеуметтік жұмыс орнына, «Жастар практикасы»,  «Күміс жас», «Ұрпақтар келісім шарты», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Тұрақты жұмыс орны» жобалары бойынша жоспарлар асыра орындалды.

Жыл басынан бастап Переметный, Мичурин және Дариян ауылдық округтерінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «Ашық есік күндері» өткізілді. Сонымен қатар,  аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен аудан тұрғындарымен және жеке кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

IMG-20241220-WA0013

- Мобильді мансап орталықтары ауылдық округтердің шалғай ауылдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қысқа мерзімді оқу жоспары бойынша 37 адам жолданып, жоспар толығымен орындалды (105,7%). «Бастау бизнесті» 350 адамның орнына 363 жан оқып келді. Enbek.kz платформасында жұмыссыздардың сұранысқа ие дағдарларына онлайн оқыту жоспарына 167 адам жолдадық. Мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша  24 адам грант алып, өз істерін дөңгелетіп отыр. 14 наурызда және 14 қарашада мемлекеттік грант иегерлерімен Дариян мен Переметныйдағы мәдениет үйлерінде жәрмеңкелер өткізілді.

Облысымызда алғаш рет жұмыссыз тұрғандарға бос жұмыс орындарын ұсыну, жастарға болашақта мамандық таңдауға жәрдемдесу, кәсібін ашуға бағыт бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы іс-шарасында ауданымыздың жеке кәсіпкері  Гүлнар Ғалиева облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды. Одан бөлек, қайырымдылық айлығы аясында XVI облыстық шығармашылық фестиваліне қатысқан мемлекеттік грант иегері Достық ауылы тұрғыны Ережеп Халимуллин Алғыс хатпен марапатталды. Қазан айы қайырымдылық айында қайтарымсыз грант иегерлері өз саласы бойынша қайырымдылықтарын жасады. Былтыр мемлекеттік грант ұтып, ісін дамытқан Щапов ауылының тұрғыны Айзада Аманғалиева  ауданымыздың «Үздік жас кәсіпкері» таңылуы біз үшін де қуаныш. Барша жерлестерімді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жыл қалай табысты болса, келер жылда жанға қуаныш сыйлайтынына сенімдімін, - дейді Нұрсәуле Әуелбекқызы.

Сәнім Берік

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале