20.03.2022, 10:40
Оқылды: 69

Жүкті әйел ауруханаға уақтылы жеткізілді

Ай ортасында болған боран салдарынан біраз жолды қар басып, ауылдарға кіріп-шығу жайы қиындады. Әсіресе шағын елді мекендерге барар жолдар жабылды. Осы күндері Переметный ауылдық округіне қарасты Болашақ ауылының фельдшері Қ.Қалиев округ әкімдігіне хабарласып, жүкті әйелді аудандық ауруханаға жеткізуге мүмкін болмай тұрғандығын айтқан.

FB_IMG_1647744701704

Сол бойда шұғыл қимылдап, тиісті шаралар қабылдаған "Коммунальник" мекемесінің басшысы М. Қайрлиев өзі басқарып отырған мекеме техникасын шығарды. Жедел әрі уақтылы әрекет арқасында Болашақ  тұрғыны ауруханаға аман-есен жетті.
Округ әкімдігі және Болашақ тұрғындары қиындыққа қарамай азаматтық танытқан "Коммунальник"  МҚМК басшысы Мерет Қайрлиевке және өз ісіне адал қараған ауыл фельдшері Қуаныш Қалиевке алғыс білдіреді.

Түгелбай Бисен,

Байтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале