15.03.2021, 9:02
Оқылды: 75

Жүлде Қаратөбе мен Шыңғырлауда кетті

«Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқановтың айтуынша, қыс бойы Сырым ауданында барлығы 15 тай жарысы өтіпті. Бүгін Жымпиты ауылының маңындағы атшабарда 2020-2021 жылғы тай жарыстарының қорытындысы аламаны өтті. Аудандық ашық біріншілікке Сырым ауданының ауылдарынан бөлек, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарынан жүйріктер келді.

6C7D4613-EF10-41D1-A60E-8FCDA156BE22

Тай жарысына 20 тай қатысты. Белгілі атбегі Мүтәлі Төреғалиевтің айтуынша, облыстың басындағы бәйгелерде де тайдың саны мұндай көп болмайды. 3 шақырымға созылған сында Қаратөбе ауданының Үшағашынан келген Алтын қазықтың бағы жанды. Ол жиырма жүйріктің ішінен мәре сызығын бірінші болып кесті. Шабандозы  - Ерғазы Валериев.

E1852095-26F7-43B0-ACEE-F6656DDFFCE5

Аттар мен құнандар бөлек шапты. Олар жарыс жолағын 6 айналды. Әп-дегеннен алдына қара түсірмеген Шыңғырлаудың Сегізсайынан келген Бақторы алты айналым бойы сол басымдығын сақтады. Бәйгеден дара келді.

8B1F166F-34B1-4B7C-B683-7EF3B5AA4D5F

Жарыстың салтанатты рәсімдеріне Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев қатысты.

0394A392-F7DC-431B-9749-F59BE2DE0A35

Сырымдықтар амал мерекесін осылай ат шаптырып, асыр салып тойлады. Бәйгелерінің Қаратөбе мен Шыңғырлауға кеткеніне де ешкім өкпелей қоймады. «Жүлденің алысқа кеткені – той даңқының алысқа жеткені!» - дегендей, Жымпитыдағы жылқы дүбірі көрші аудандарға да жететін болды. Жүлдегердің ішінде біздің тұлпарлар да бар. Бәйгеден кімдердің аты келді. Біріншіліктің жүлдесіне қанша тігілді? Ол туралы толығырақ «Сырым елі» газетінен оқыңыздар.

E0EB313A-FC35-41A6-8EEF-650564003CF1

Бәйгенің қызығын қазаққа сөзбен жеткізу оңай ма? Ендеше суреттер сөйлесін.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале