17.02.2017, 18:52
Оқылды: 23

Жұмыс қарқыны көңіл көншітпейді

Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев пен «Нұр Отан» партиясының мониторингілеу және бақылау тобы «Шұғыла» жазғы демалыс лагері құрылысының барысымен танысты. Жоспарлы жұмыстардың уақытылы орындалмай жатқанын көрген олар кем-кетікті түзету қажеттігін қатаң ескертті.


- Құрылысы 2016 жылдың наурызынды басталған лагерь биылғы наурызда пайдалануға берілуі тиіс. Алайда дәл қазір жұмыстың 50 пайызы ғана орындалып отыр. Өз істеріңізге салғырт қарағандықтан, жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп келеді. Маған негізсіз себеп-сылтау айтасыздар. Мен сіздерге жұмысты ширатуды қатаң ескертемін, - деді Азамат Сафималиев.

Айта кетейік, аталмыш лагердің құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлінген.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале