29.11.2019, 21:21
Оқылды: 29

Жұмыс пәрменін арттыру мәселелері талқыланды

Бүгін Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың төрағалығымен партияның «Nur Otan» аудандық филиалының активі өтті. Саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, партияның ардагерлері мен белсенділері, мекеме-бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысқан жиында Нұр-Сұлтан қаласында Елбасының төрағалығымен өткен өңірлік партия өкілдерімен кездесуде партия жұмысының пәрменін арттыруға берілген тапсырмалар мен алдағы міндет-межелер талқыланды.

aqjaiyq

Алдымен осы кездесуге қатысқан аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары Айжан Нысанбаева сөз сөйлеп, Елбасының партия жұмысын жүйелі жаңғырту мақсатында ұсынылған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар, партиялық жобалар аясында жалпыдан жалқыға, яғни атаулы жұмыстарға ерекше екпін беру қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда партия мүшелерінің санынан гөрі сапасына баса мән беру керек, - деді ол. Айталық, тек биылдың өзінде 1111 адам партия қатарынан шығарылды.

Аталмыш жиында Партия төрағасы жастардың әлеуетінің артуына, мүмкіндіктер аясының кеңеюіне де аса көңіл бөлді. Партияның кадрлық резерв құрамында белсенді, азаматтық ұстанымы бар жастарды тарту, осы салада озық халықаралық тәжірибелерді енгізу – ұйымның басты назарында. 2025 жылға енгізілетін «Жастар – Отанға» бағдарламасы бұл тұрғыдан алғанда қыз-жігіттердің маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз ететін болад.ы

Сонымен қатар бұл жиында аудандық мәслихат депутаттарының, фракция мүшелерінің атқарған жұмысы жөнінде аудандық мәслихат депутаты Самал Дошанова, бастауыш партия ұйымының жұмысындағы игі нәтижелері туралы Тайпақ және Қарасайы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары Алтынай Ибрашева, Ізбасар Дауытов баяндады. Актив қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Әлия Шарапиева

cуреттерді түсірген Азамат Қанапия

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале