11.11.2024, 12:30
Оқылды: 51

Жұмыс тобы ауыл тұрғындарына кеңес берді

Сыбайлас жемқорлық етек алып, тамыр жайған елдің болашағы бұлыңғыр болады. Сондықтан жемқорлықты қоғам болып айыптап, ел болып тамырына балта шабу - сіз бен біздің борышымыз.

сыбайлас +

Жемқорлық – ең бірінші сапасыз білім, өресі жетпей тұра, таныс арқылы жұмысқа орналасып, орнынан босағысы келмейтін біліксіз мамандар, мүгедек медицина, шұрқ-тесік жолдар және осы сипаттағы тағы да басқалары. Аталғандарды көзбен көріп, әділдікті талап етпеу көсегемізді көгертпейді. Осы бағыттағы жұмыстарға жіті мән беріп, сыбайластыққа  тосқауыл қоюды мақсат тұтқан аудандық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ және аудандық бөлім басшылары Ақжайық, Подстепный ауылдық округтеріне барды. Олар ауыл азаматтарына жеке қабылдау жүргізіп, өзекті мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер берді.

Жұмыс тобымен жолығуға келген  қарасы қалың тұрғындар сұрақтарына мардымды жауап ала алды.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале