10.03.2022, 12:51
Оқылды: 42

Жұмыс жоспарын бекітті

Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Рухолла Саматовтың төрағалық етуімен өткен жиынға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Аталмыш отырыстың күн тәртібінде аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Р.Аманғалиұлының хабарлауымен кеңестің жылдық жоспарын бекіту туралы және кеңестің сараптама топтарын құру туралы екі мәселе қаралды.

WhatsApp Image 2022-03-10 at 12.49.56

Күн тәртібінде бекітілген мәселелер бойынша аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Қосымшалары негізге алынып, соған сәйкес жұмыс жоспарына өзгертулер енгізіліп, жұмыс жоспары бекітілді.

2022 жылға арналған І тоқсан бойынша жұмыс жоспарында 5 іс-шара белгіленді. Атап айтсақ, наурыз айында 2021 жылы атқарылған жұмыс нәтижелері және 2022 жылы атқарылатын жұмыстар туралы Жаңақала ауданы әкімінің есебі тыңдалса, аудандық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер өкілдері және аудан ардагерлерімен кездесу өткізіліп, үшінші аудандық жұмыспен қамту орталығы есебі тыңдалады. Одан кейін әкім, бөлім басшыларының хабарлауымен аудандық жұмыспен қамту орталығы есебі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы, Бірлік, Көпжасар ауылдық округтерінің әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы өтеді. Бесінші аудандық білім беру бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі жұмыс жоспарына бекітілді.

 Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале