Биылғы жылды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атағаны белгілі. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту ғана емес бүгінгі таңдағы сұранысқа ие мамандар даярлау қажеттігін, әсіресе ауыл шаруашылығы, құрылыс тағы да басқа салаларға қажет мамандарды оқыту, қайта оқыту, кәсіби шеберлігін арттыру қажеттігін баса атап өткен болатын.

Осыған орай жоспарға сәйкес Шыңғырлау аудандық мансап орталығы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бірлесе отырып "Бос жұмыс орындарының" жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге 19 жұмыс берушіден 30 бос жұмыс орны бойынша сұраныс түсіп, аталған жәрмеңкенге мекеме басшылары мен кадр мамандары және де ауданның жұмыссыз 25 азамат-азаматшалары қатысты.

Нәтижесінде 2 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 адам «Жастар тәжірибесіне», 7 адам «Күміс жас» жобасына, 4 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Қатысқан барлық жұмыссыз адамдарға кеңестер берілді.
Зульфия Мамбетиярова
Шыңғырлау ауданы