Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиевтың төрағалығымен екі ауылдық округтің тоғыз айлық жұмысы сараланды.
Ең алдымен есебін ортаға салған Ардақ ауылдық округінің әкімі Саида Біркенова ауылдың жағдайын жан-жақты айтып, экономикалық және әлеуметтік даму барысын айтты. Ардақта жұмыспен қамтылған тұрғын саны - 140, ал бюджеттік мекемелерде - 68 адам. Округ тұрғындары негізінен мал өсіріп, оны пайдасына жаратып, енді біреулері бау-бақшамен отбасы бюджетін толықтырып отыр.
Айта кету жөн, бұл округтің жетістігі - «Қарақай» АӨК. Олар тым-тәуір жетістікке қол жеткізіп отыр. Небәрі жеті кооператив мүшесі бар ұжым болса да асыл тұқымды мал өсіріп, оның өнімін етке шығарып, тұқымын асылдандыру жұмысын жолға қойған. Субсидия қаражатына да қолдары жетіп, оны тиімді жұмсап отыр.
Осы жиында Ақшат ауылдық округінің де тоғыз айлық есебі тыңдалды. Округ әкімі Ерлан Айшуақов ауылдың тыныс-тірлігі туралы айтып, ауыл адамына қажетті нысандар мен мекемелердің толыққанды жұмыс жасап тұрғанын, бюджет қаражаты тиімді игеріліп жатқандығын, салық түсімі қомақты және ауыл шаруашылық жұмыстарының ырғақты екендігін жеткізді.
«Қарекеттіктердің» жаңа іс бастап елге пайдасын тигізетіндіктерін де атап өтті. Ендігі кезекте тоғанда балық өсіруді қолға алу, бұрынғы алма ағашы бағын жаңартып, 25 гектар жерге иелік етіп, бақтың жұмысын қолға алу жоспарлап отыр.
Айсұлу Амангелдіқызы
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz