3.02.2023, 17:16
Оқылды: 10

Жұмысына мығым шаруашылық

Төрт түлік малдың қыс мезгіліндегі күтімінде қыруар шаруа тұр. Сол себепті бұл науқанға айлар бойы әзірлікпен келетін шаруа жандар ғана қолындағы малын қыстан қысылмай шығаруға, төлін алып, қоңды шығаруға тырысып бағады. Сондай шаруаның бірі ақтаулық Бауыржан Көпешов. Ақтау ауылдық округіне қарасты «Аманер» шаруа қожалығы құрылғанына көп болмаса да өзге де шаруашылқтармен иық тірестіріп қалғандай. Оның 117 ірі қарасы, 106 бас ұсақ малы, 60-тан аса жылқысы бар. Бүгіндері осы малды қыстан шығарып, төлін көбейтіп, өнім өндірмек.

IMG-20230124-WA0005 (1)

Бауыржанның  биыл алға қойған мақсаттары мен жоспарлары да мол. Екі жыл бұрын ауыл маңынан үлкен мал қорасын салды. Енді лизингке техника да алады. Мемлекеттің көмегімен  асыл тұқымды  мал сатып алып, оны көбейтуді мақсат тұтуда.

Биыл да мал азығын молынан жиып, қораларын қымтап, әзірлігін пысықтап алған еді. Нәтижесінде малы қоңды, ауру-сырқаудан аман, көп күттірмей төл алу науқанына да сақадай сай отыр.

Бауыржан ауылдың азаматы ретінде туған жеріне үнемі жанашырлық танытып жүрген жан. Бір ғана мысал-ауылдың кіре берісіндегі «Ақтауым, жүрегім!» белгісі соның айғағы. Ауылға демушілік жасауда, қоғамдық жұмыстарға қол ұшын беруде белсенділердің ортасынан осы Бауыржанды көреміз.

                     Рүстем Еслямов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале