17.10.2022, 17:00
Оқылды: 124

«Жүрек жылуы – ізгі ниетте»

Жәнібек аудандық мәдениет үйінің фойесінде ерекше жандардың өз қолдарынан шыққан қолөнер туындылары халық назарына ұсынылып, «Жүрек жылуы – ізгі ниетте» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік кеш өткізілді.

WhatsApp Image 2022-10-17 at 12.45.38

Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов өзінің ізгі тілегін жеткізді. Сахна шымылдығын аудан көркемөнерпазы Шынар Қоюпова «Туған ел» әнімен ашты. Сонымен қатар кеште Райымбек Нұрғалиев пен Әсем Ғайнуллина «Шалқыма» әнін шырқаса, Нұрхан Бисен «Көк тудың желбірегені», Гүлзия Мәмбетәлиева «Желтые тюльпаны», Расул Досетов «Анашым, сен аман жүр», Қажымұқан Хамидолла «Достарым» әнімен көрерменнің көңілін көтерді. Сонымен қатар, Қантым Аманова «Тәубеңе кел», Жансен Зейнетолла мәнерлеп көркемсөз оқыды. Нүркен Үмбетәлиев пен Қ.Хамидолла дуэт болып ән шырқады. Аудан өнерпаздары Гүлмаржан Қаташева мен Лунара Сәбитова «Мәңгілік бала бейне» атты шағын сахналық көрінісін тарту етіп, жиналған қауымның жүрегінен орын тапты.

WhatsApp Image 2022-10-17 at 12.45.39

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шараларға аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, Жәнібек спорт клубы, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігі демеушілік жасап, концертте өнер көрсеткен жандарға 5000 теңгенің сертификаттарын табыстады.

Л.Қайратқызы,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале