27.10.2023, 23:16
Оқылды: 62

Жүрек жылуын сыйлағандарға құрмет

2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілгені белгілі. Соған орай Бәйтерек ауданына қарасты Переметный ауылында салтанатты іс-шара өтті.

IMG-20231027-WA0137

- Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері! Баршаңызды аудан әкімінің атынан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл салада еңбек ететін жандардың жұмыстары оңай еместігін білеміз, соған қарамастан олардың мейірімді екеніне сеніміміз мол. Қоғамда тағдырдың тауқыметіне түсіп, түрлі жағдайға душар болғандар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызілікті қариялар, көпбалалы аналар, жұмыссыз азаматтар бар. Сала қызметкерлері – солардың бәріне көмек көрсетіп, жүрек жылуын сыйлап, бұл бағыттағы түрлі қолдаулардың, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына ұйытқы болып жүрген асыл жандар. Кәсіби мереке қарсаңында осындай баға жетпес еңбектеріңіз үшін ел-жұрттың атынан сіздерге алғыс айтқымыз келеді, - деген аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қажырлы еңбегімен танылған сала қызметкерлерін марапаттады.

IMG-20231027-WA0139

Олардың ішінде аудандық мансап орталығының ассистенті Венера Жанғалиева БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының алғысхатын алса, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Галина Жучкова, бөлімше меңгерушілері Тілеген Қошанов, Анна Берендяева, әлеуметтік қызметкер Татьяна Горбунова және өзгелері аудан әкімінің алғысхатына ие болды. Сондай-ақ бір топ сала қызметкері кәсіподақ атынан марапатталды.

IMG-20231027-WA0138

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Онда әсіресе, ауданның әлеуметтік сала қызметкерлері дайындаған, Мирасбек Төрешев пен Рауан Өтеғалиев дуэт болып орындаған «16 қыз» әні көрерменнің жүрегіне жол тауып, кештің әрін, сахнаның сәнін келтірді.

IMG-20231027-WA0136

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале