5.03.2021, 9:53
Оқылды: 94

«Жүректен жүрекке»

Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген. Бәйтерек ауданының Егіндібұлақ ауылында кәсіп ашып, жемісті еңбек етіп отырған жандар қашан да ауылдағы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп отырады. Игі іске бір адамдай жұмылатын жергілікті кәсіп иелері «Мектепке жол» акциясы мен қайырымдылық айлығында және басқа да шаралар кезінде белсенді.

9B884A53-69E0-4274-B342-AA75C1B9AB16

Қолында барын елмен бөлісетін «Киргенев» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Есенгелдіұлы, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбек Қажымұратұлы, «BRAT M» ЖШС директоры Бауыржан Асқарұлы, «Сүндеткалиев», «Маслов» ШҚ басшылары Айбар Серікұлы мен Вадим Федорович, Дана Қойшыбекқызы, Сахитжан Жақсылықұлы, Гаухар Дәулетқызы, Жанболат Ерсайынұлы сияқты жеке кәсіпкерлер тек отбасылар мен ауыл қарияларына ғана емес, жалпы ауылға деген қамқорлығын көрсетіп келеді.

Наурыз мерекелері қарсаңыңда ауыл әкімі Ринат Ескендіров пен мектеп директоры Маруаш Убаева ауыл қамқоршыларының басын қосып, «Жүректен жүрекке» атты салтанатты жиын ұйымдастырды.

Шара барысында кәсіпкерлерге құрмет көрсетіліп, мақтау қағаздары табыс етілді.

- Қайырымдылық – халқымыздың  ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа  - жан риза» дегендей мұқтаж жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қол созу - әр адамның парызы. «Не берсең де балаға бер» деген халықымыздың нақылын берік ұстанған жандар қашан да құрметке лайық,- деді ауыл әкімі Р.Ескендіров.

Салтанатты шараға қатысқан зейнеткер, көпбалалы ана Орынай Қадырғалиқызы, ата-ана Қайрат Хасанов, медбике Зоя Викторовна мен  кітапхана меңгерушісі Данагүл Тілекқызы да қайырымды жандарға қашан да құрмет көрсетуге дайын екендерін айтты.

 Гульфия Хасанова,

Егіндібұлақ мектебінің әлеуметтік педагогі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале