31.05.2021, 15:49
Оқылды: 55

Жүргізушілер командасы жеңімпаз

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мекемеаралық футбол жарысы өтті. Ауыл әкімінің ауыспалы кубогі сарапқа салынған аяқдоп додасына алты команда қатысты.  

smart

Жарыстың ашылу салтанатында Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов жарысқа қатысушыларды құттықтап, тек бабы мен бағы қатар шапқан шын мықтылар ғана жеңіске жетсін деген тілегін білдірсе, спорт ардагерлері Самат Жексенғалиев пен Гүлбаршын Әбельбасова жастар арасында салауатты өмір салтые қалыптастыру бағытында қолға алынған осындай шаралар жалғасын таба берсін деген ұсынысын жеткізді.

smart

Кейін ауыл жастарының көшбасшысы Мәрзия Кунусбаева волонтерлық қызметте өзін жақсы қырынан көрсете білген Ербол Талғатұлы, Еламан Русланұлы, Шыңғыс Бердіғалиев, Асан Бигалиев, Әлихан Сариев сияқты азаматтарды аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашеваның атынан алғысхаттармен марапаттады.

smart

Ал тартысқа толы өткен жарыс қорытындысына келер болсақ, Абай мектеп – гимназия – интернатының командасы үшінші, Приурал ішкі істер бөлімінің командасы екінші орын иеленсе, бірінші орынды иеленген ауыл таксишілерінің командасы әкімнің ауыспалы кубогінің алғашқы иегерлері атанды.

Доп додасы барысында барысында үздік ойынмен танылған Өтеген Жұмашев «Үздік қақпашы», Ернұр Шәкен «Үздік қорғаушы», Фарид Сапиев «Үздік шабуылшы», Темірлан Өтешев «Үздік ойыншы» аталымын еншіледі. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале