8.12.2021, 16:40
Оқылды: 84

Журналист құрметке бөленді

Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Айтмұхамбетов аудандық «Жайық таңы» қоғамдық-саяси газетінің  жауапты хатшысы, қаламы қарымды журналист Борис Мырзағалиевті қабылдап, зейнет жасқа келуімен құттықтады. Иығына шапан жауып, естелік сыйлық табыстады.

37

– Сіздің ауданға, төл газетіме 40 жылыңызды арнағаныңызды зор еңбек, үлкен ерлік деп білемін. Бір басылымда, бір ұжымда тапжылмастан Сіздей қызмет еткен жандар кемде-кем. Сонау Кеңес үкіметі кезінен бері сан құбылған заман ағымына қарай маңызды жаңалықтарды халыққа  дер уақытында жеткізу кәсіби шеберлікті талап етеді. Пайғамбар жасыңыз құтты болсын, деніңіз сау болып, жанұя, ұрпақтарыңыздың ортасында ақылшы болып жүре беріңіз. Жазарыңыз әлі де таусылмасын, –деді ол.

Борис Меңешұлы 1981 жылдан бері аудандық газетте еңбек етіп келеді. Сол кездегі қос тілде шығатын «Еңбек»-«Труд» газетіндегі қазақ тіліндегі мақалаларды аударып басудан басталған тынымсыз еңбек бүгінгі бедел биігіне, абырой-мәртебесіне жеткізді.

Қабылдауда еңбек ардагерлері Даулетжан Жақсыбаев, Жігербай Қажғалиев, Қаби Нәбиев және журналистика ардагері Бақтығали ақпарат майталманына ақ жарма тілектерін жеткізді.

Әсет Орынғали,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале