22.07.2021, 9:45
Оқылды: 69

Жүсіп Шакуов: "Сайлау науқанына дайынбыз"

Биыл еліміз саяси өзгеріс науқанының алдында тұр. Ол - ауыл әкімдерінің сайлауы. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі ірі өзгеріске, сайлау науқанына дайындық жұмыстары жөнінде Казталов аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуовтан пікір алған болатынбыз.

WhatsApp Image 2021-07-22 at 09.43.42

-Биыл ауданымызға қарасты Казталов, Жаңажол, Бостандық, Көктерек ауылдық округтерінің әкімі лауазымына сайлау өткізіледі. Қазіргі таңда 15 сайлау учаскесі сайлау науқанына дайын. 6000 сайлаушы өз таңдауын жасайды деп күтілуде. Сайлау кезінде барлық санитарлық талаптар сақталады. Ауылдық округ әкімі лауазымына 9 үміткер тіркелді. Екі үміткер «Nur Otan», «ADAL» партиялары атынан ұсынылды. Ал қалған 7 үміткер өзін-өзі ұсынды. Үміткерлер 14 шілдеден бастап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. 24 шілде күні үгіт-насихат жұмыстары аяқталатын болады. Сайлау учаскелерінде егер сайлаушы науқандық жұмыста болса жылжымалы сайлау мүмкіндігі қарастырылған. Комиссия мүшелері 88 адам. Оның ішінде 68 адам вакцина алды. Ал қалған денсаулығына, бала күтіміне байланысты вакцина алмаған комиссия мүшелеріне тегін ПТР тест алуға мүмкіндік қарастырып отырмыз. Байқаушыларға тоқталар болсақ, әр сайлау учаскесінде кемі 3 байқаушы болады. Сондай-ақ сайлауға үміткерлердің сенімді өкілдері де қатысады.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале