Жәнібек аудандық сотында онлайн форматта 2021 жылды тиянақтаған брифинг өтті. Басқосуға аудан әкімдігі, құқық қорғау, білім беру, ішкі саясат, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігі, БАҚ өкілдері, медиаторлар қатысты.
Брифингте сот төрайымы Әсел Жамантаева жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындысы туралы мәлімдеме жасады. Әсел Жұмағұлқызы келтірген мәліметтерге сүйенсек, сот өндірісіне бір жыл ішінде барлық істер бойынша 383 арыз түсіп, оның 357-сі қаралған. Сот төрағасы түскен азаматтық істердің ең көбі некені бұзу туралы екенін тілге тиек етті.Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2020 жылы 29 неке бұзу туралы талап арыз түссе, 2021 жылы 31 отбасы ажырасуға бел буып, сотқа жүгінген. Оның төртеуі сот медиациясы тәртібімен шешіліп, татуласқан.
Сот төрайымы жыл қорытындысымен бірге аудан прокурорының және полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен өткен семинарлар, дөңгелек үстелдер, медиаторлардың қарқынды жұмыстары хақында айтып өтті.
Ә. Садық,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz